Красный Яр ауылында Жеңіс күніне арналған салтанатты митинг өтті — бұл мереке ерлік пен батырлықтың, халқымыздың ұлы ерлігін ұлықтайтын ерекше күн

Красный Яр ауылында Жеңіс күніне арналған салтанатты митинг өтті — бұл мереке ерлік пен батырлықтың, халқымыздың ұлы ерлігін ұлықтайтын ерекше күн

Осы атаулы күні ауыл тұрғындары Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған батырларды еске алу үшін жиналды. Митингке қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым етті.

Красный Яр ауылдық округінің әкімі Мақыш Серікжан тұрғындарды мерекемен құттықтап, баршаға бейбіт өмір, амандық, зор денсаулық пен бірлік тіледі.

Тағылымды шара мерекелік концертпен жалғасып, патриоттық әндер мен жүрекке жылы сөздерге, ерекше әсерге толы болды.