
2026 жылғы 9–10 сәуір күндері Красный Яр ауылының №3 мектеп-гимназиясында 5–6 сынып оқитын қыздар арасында «Красный Яр ауылдық округі әкімінің кубогына» арналған баскетбол турнирі өтті.
Турнирге 8 команда қатысты: Красный Яр ауылының №1 және №3 мектептерінің командалары, Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» мектебінің командасы, Еленовка ауылының командасы, Солтүстік Қазақстан облысы Восход ауылының командасы, «Әулет» МТЖО командасы, сондай-ақ Зеренді ауылының командасы.
🏀Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
🥇1-орын — Красный Яр ауылы №1 мектебінің командасы;
🥈2-орын — «Әулет» МТЖО командасы;
🥉3-орын — Солтүстік Қазақстан облысы Восход ауылының командасы.