
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру шеңберінде микрокредит алуға үміткерлер:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) жұмыссыздар;
3) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;
4) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын адамдар;
5) жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар;
6) қызметін "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" және "Өндірістік кооператив туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асыратын кооперативтер, сондай-ақ кооператив мүшелері;
7) дара кәсіпкерлер болып табылады.
Микрокредиттер осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай талаптармен беріледі:
1) микрокредит мерзімі – ауыл шаруашылығы түрлері емес бизнес үшін 5 (бес) жылға дейін, ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2 500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі жобалар үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.
Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерді қайта кредиттеу кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды, бірақ екі реттен аспайды. Бұл ретте микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен, бірақ микрокредиттің ең ұзақ мерзімінің 1/2 (екіден бір бөлігі) бөлігінен кешіктірілмей беріледі;
Кооперативтерді дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыздан аспайды;
4) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 12 (он екі) айынан аспайды;
6) микрокредит беруге өтінімдер ауылдық округтердің басым бағыттарына сәйкес талдамалық ақпарат негізінде қаралады.
Микрокредиттер мынадай мақсаттарға берілмейді: