
Ауылымызда көптен күткен, шын мәнінде ертегіге толы мереке — жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өтті! ✨
Жарқыраған шамдар, шат — шадыман күлкі, әуен мен нағыз мерекелік атмосфера барлық жастағы тұрғындарды біріктірді. Бұл кеш әрқайсымызға көтеріңкі көңіл күй, ғажайыпқа деген сенім және Жаңа жылдың жақындап қалғанын сезіндірді.
Шыршамыздың жарқыраған шамдары әрбір шаңыраққа жылулық, бақыт, зор денсаулық пен ең асыл армандардың орындалуын әкелсін! 🎁❄️