Зерендіде барлық деңгейдегі әкімдер форумы өтті

Зерендіде барлық деңгейдегі әкімдер форумы өтті

Красный Яр ауылдық округінің әкімі облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Зерендіде өткен барлық деңгейдегі әкімдер форумына қатысты.

Марат Ахметжанов негізгі міндеттерді айқындады:

  • тұрғындардың шынайы мәселелеріне бағытталған жұмыс үлгісін күшейту;
  • ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу үлесін ұлғайта отырып, стратегиялық сектор ретінде дамыту;
  • цифрлық шешімдерді кеңінен енгізіп, АӨК саласында жасанды интеллектті қолдану бойынша өңірді көшбасшы ету;
  • төртінші деңгейлі бюджеттердің дербестігін арттыру және трансферттерге тәуелділікті төмендету.

Талқылау барысында Красный Яр ауылдық округінің әкімі Мақыш Серікжан округтегі негізгі жетістіктер мен іске асырылған жобаларды атап өтіп, аумақты дамыту және атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.