
2020 жылдан бастап Красный Яр ауылының әкімдігінде "Сервистік әкімдік" жұмыс істейді. Мамандар күн сайын әлеуметтік, коммуналдық, салық және кәсіпкерлік мәселелері бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Бұдан басқа, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта дербес алуға мүмкіндік беретін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы негізінде заң кабинеті жұмыс істейді. Құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында тұрғындар қажетті мәліметтерді "Адлет" ақпараттық жүйелері, НҚА ашық порталы, сондай-ақ басқа да ашық құқықтық ресурстар арқылы ала алады.
Осылайша, тұрғындар заңнаманы өз бетінше үйренуге және болашақта құқықтық салада өз мүдделерін сенімді түрде қорғауға қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.