«Ауыл – Қарызсыз қоғам жолында»  эстафетасы

«Ауыл – Қарызсыз қоғам жолында»  эстафетасы

Красный Яр ауылдық округінің әкімдігінде Көкшетау қаласының жұмыспен қамту бөлімімен бірлесе отырып, «Ауыл – Қарызсыз қоғам жолында» эстафетасы аясында Красный Яр ауылдық округінің тұрғындарына қаржылық сауаттылық бойынша маманның қатысуымен «Қарызсыз қоғам» және «Отбасының сандық картасы» жобаларын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

«Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өткізіліп жатқан мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, қарыз деңгейін төмендету және жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.