Қазақтың жарық жұлдызы – Шоқан Уәлихановқа 190 жыл

Қазақтың жарық жұлдызы – Шоқан Уәлихановқа 190 жыл

Красный  Яр ауылындағы кітапханада Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған тақырыптық кеш өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ғылым мен саяхат әлемінде өшпес із қалдырған тұлғаның өмір жолын, Орта Азияның мәдениеті, тұрмысы мен тарихын зерттеудегі еңбегін еске алды. Сондай-ақ оның бүгінгі күнге дейін тарихи және мәдени маңызын жоғалтпаған ғылыми еңбектеріне ерекше көңіл бөлінді.