Красный Яр ауылдық округінің әкімі Мақыш Серікжан Красный Яр ауылының белсенділерімен бірлесіп, “Жарасбаев” ЖК мердігерлік ұйымы ауыл бойындағы Шағалалы өзенінің арнасын тазарту және тереңдету жұмыстарын қадағалап қайтты. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты Шағалалы өзенінің арнасы арқылы су тасқыны кезеңінде еріген қар суларын кедергісіз өткізуін қамтамасыз ету болып табылады, бұл су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді . Бүгінгі таңда 4 600 м3 көлемінде жұмыс орындалды. Процеске қажетті мамандандырылған техника: 1 экскаватор, 3 жүк көлігі, 1 фронтальды тиегіш. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жоспарлы жүргізілуде.