«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы, бухгалтерлiк есептi, бюджеттiк есептi және жергiлiктi бюджеттi атқару бойынша есептiлiктi жүргiзу саласында қызметтердi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
«Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Мекен-жайы | 020000, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Абай к-сі., 83 |
Кеңсе | +7 (7162) 25-30-42 |
Қоғамдық қабылдау телефоны | +7 (7162) 25-30-42 |
Сенім телефондары | +7 (7162) 25-30-42, +7 (716-2) 25-29-02 |
ТМККК шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі РЦРАО Call-орталығы | 8 800-080-88-87 |
fin@aqmola.gov.kz | |
Баспасөз қызметі e-mail | fin_ks@aqmola.gov.kz |