ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ 2020 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ БОЙЫНША ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ 2020 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ БОЙЫНША ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша салықтар мен төлемдер бойынша жоспарды асыра орындау барлық өңірлермен қамтамасыз етілді және 5,0 млрд.теңгені немесе жоспардың 113,6% - ын құрады.

Шығыс бөлігі 99,8% игерілді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 0,2 пайызға жоғары, игерілмеген сома 341,9 млн.теңгені құрады.

Облыс бойынша 20 бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен 9 өңір жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Бұл ретте мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларында – 98,7%, ауыл шаруашылығы басқармаларында – 99,5%, Көкшетау қаласында – 99,7%, Целиноград ауданында - 99,7%, Бурабай ауданында – 99,7% және Қорғалжын ауданында - 98,3% төмен көрсеткіштер бар.

Орындалмаудың негізгі себептері: жоспарланған жұмыс көлемінің орындалмауы, келісімшарт жасасу процедураларын ұзақ уақыт өткізу, жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін орындамауы.

Әкімдік отырысының қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктеріне бюджетке салықтар мен төлемдердің 100 пайыз түсуін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын барынша игеру бойынша міндеттер қойылды.