Ақмола облысының қаржы басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысының қаржы басқармасының бас маман-заңгері - Закирьянова Мира Оралқызына 2024 жылғы 19 сәуірге дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 25-30-48, 25-30-42 (қабылдау бөлмесі).