Семинар-кеңес

Семинар-кеңес

Қаржылық есептіліктің, ББӘ шоғырландырылған қаржылық есептілігінің, жергілікті бюджеттің сәйкестігін келтіру мәселелері бойынша семинар-кеңес

 

Қаржы басқармасы Облыстың тексеру комиссиясымен бірлесіп, жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша семинар-кеңес өткізді.

Аталған іс-шараға тексеру комиссиясының, қаржы басқармасының өкілдері, басқарма орынбасарлары, ББӘ бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті қалыптастыруға жауапты бас бухгалтерлер қатысты.

Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Рамазанов Елдос Маратұлы ашты, одан кейін қаржы басқармасының басшысы Бөлтенов Талғат Серікұлы бюджеттік және қаржылық есептілікті жинаудың нормативтік-құқықтық негізі бойынша сөз сөйледі, Тексеру комиссиясының мүшесі Нұрмаганбетов Дулат Магзұмұлы 2021 жылғы ШҚЕ негізгі аспектілері бойынша сөз сөйледі.

Сондай-ақ бас инспектор-мемлекеттік аудитор Махашева Арсат Қыдырбайқызы тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы және жергілікті бюджеттердің атқарылуын есепке алу және жергілікті    бюджеттердің    орындалуы  бойынша  есеп  және есептеме  бөлімінің басшысы Н.С. Рыбалко бюджеттік және қаржылық жағынан жасалған талаптар туралы түсініктеме берді.

Семинар-кеңестен қатысушылар бірқатар практикалық ұсыныстар алды және бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша тәжірибе алмасты.