Ақмола облыстық мәслихатының кезекті IV сессиясы

Ақмола облыстық мәслихатының кезекті IV сессиясы

2021 жылғы 17 маусымда Ақмола облыстық мәслихатының төртінші кезекті сессиясы өтті, онда 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің жылдық есебін бекіту мәселесі қаралды.

Осы мәселе бойынша Ақмола облысы қаржы басқармасының басшысы Талғат Серікұлы Бөлтенов сөз сөйледі.

Кірістер бойынша бюджет параметрлері 247 263,1 млн.теңге көлемінде, шығындар – 247 242,0 млн. теңге көлемінде бекітілді.

2020 жыл ішінде облыстық бюджет 9 рет нақтыланды, республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері көлемінің өзгеруіне байланысты 24 рет түзетілді.

Нәтижесінде кіріс бөлігі 25,1% - ға ұлғайып , 309 477,6 млн.теңгені, шығындар-320 098,9 млн. теңгені құрады.

Кірістер 313 859,4 млн.теңге (101,4%, жоспардан тыс 4 381,8 млн. теңге, 1.01.20 ж.-100,3%) есепке алынды, бұл 2019 жылдан 74,7 млрд. теңгеге артық.

Шығыс бөлігі 356 723,5 млн. теңгеге игерілді, ол 99,9% құрады жоспарға 227,2 млн. теңге игерілмеген: үнем – 18,6 млн. теңге, 202,0 млн. теңге – шарттық міндеттемелерді орындамау, 6,6 млн. теңге - бюджет қаражатының талап етілмеуі, нақты көрсетілген көлем үшін төлем)

Есепті жылда облыстық бюджеттің орындалу динамикасы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жақсы жұмысын көрсетті. Осыған байланысты ағымдағы жылы алынған қарқын мен қол жеткізілген нәтижелерді сақтау және 2021 жылдың қорытындылары бойынша бюджет қаражатын игеру мен тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу қажет.