АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БЮДЖЕТІНІҢ БІРІНШІ ТОҚСАНДАҒЫ АТҚАРЫЛУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАТЬЯНА БЕЛАЯ ХАБАРДАР ЕТТІ.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БЮДЖЕТІНІҢ БІРІНШІ ТОҚСАНДАҒЫ АТҚАРЫЛУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАТЬЯНА БЕЛАЯ ХАБАРДАР ЕТТІ.

Облыс бюджетіне 72 625,5 млн.теңге түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16 346,8 млн. теңгеге артық, республикалық бюджеттен жалпы сомасы 48 684,8 млн. теңге Субвенциялар, нысаналы трансферттер мен кредиттер толық көлемде есепке алынды.

Салықтар мен төлемдер 23 400,7 млн. теңгеге есептелді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 18,8% - ға артық. Жоспарды Целиноград ауданынан басқа облыстың барлық өңірлері орындады.

Шығыстар 61 935,0 млн.теңге сомасында немесе жоспарға 99,8% орындалды, нәтиже өткен жылдың ұқсас кезеңінен 0,3 пайыздық тармаққа жоғары. Игерілмеген сома өткен жылмен салыстырғанда 113,7 млн.теңгеге азайды. 16 облыстық басқарма мен облыстың  9 өңірі 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.