Облыс әкімдігінде 2020 жылға арналған облыс бюджетінің атқарылуының қорытындысы шығарылды

Облыс әкімдігінде 2020 жылға арналған облыс бюджетінің атқарылуының қорытындысы шығарылды

Жыл қорытындысы бойынша нақтыланған бюджет көлемі 2019 жылға 110 266,3 млн.теңгеге ұлғаюмен 399 342,3 млн. теңгені құрады, бюджеттің өсуі республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер, Қарыздар түсімдері, сондай-ақ салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасты.

2020 жылғы бекітілген бюджетке көлем 103.6 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 89 млрд.теңге немесе 110% салықтар мен төлемдер алынды. Жоспарды облыстың барлық өңірлері орындады.

Ақмола облысы бюджетінің шығыс бөлігі аяқталмаған құрылыс-жөндеу жұмыстарының салдарынан 99,3%-ға игерілді.

Облыстық бюджет бойынша шығыс бөлігі 99,9 пайызға игерілді.

Облыстық бюджеттік бағдарламалардың жиырма бес әкімшісі және 9 өңір жылды бюджет қаражатын 100% игерумен аяқтады.

Әкімдік отырысының қорытындысы бойынша салықтық, салықтық емес әкімшілендіруді жалғастыру, аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне салықтар мен төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету; бюджет қаражатын уақтылы игеру мақсатында 2021 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сатып алу бойынша барлық конкурстық рәсімдерді аяқтау және өнім берушілермен шарттар жасасуды қамтамасыз ету тапсырылды.