Мемлекеттік қызметке іріктеу қағидаларындағы өзгерістер қаржы басқармасының қызметкерлеріне түсіндірілді

Мемлекеттік қызметке іріктеу қағидаларындағы өзгерістер қаржы басқармасының қызметкерлеріне түсіндірілді

2026 жылғы 17 сәуірде Ақмола облысы қаржы басқармасының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметке іріктеу қағидаларына енгізілген өзгерістер тақырыбында кеңес өткізді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке кіру және өту мәселелері бойынша өзекті ақпарат ұсынылды, мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі заңдылық пен әдептіліктің негізгі қағидаттары түсіндірілді.