Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Ақмола облысының қаржы басқармасының қызметкерлері "мемлекеттік қызметте ойынға тәуелділік тәуекелдері және олардың алдын алу шаралары"тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шараны Ақмола облысы әкімінің аппараты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар барысында лудоманияның психологиялық және әлеуметтік аспектілері, Мемлекеттік қызметшінің этикалық келбеті мен тиімділігі үшін ойынға тәуелді болатын тәуекелдер, алдын алу шаралары мен көмек көрсету алгоритмдері егжей-тегжейлі талқыланды.