Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі семинарды өткізу туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі семинарды өткізу туралы

Ақмола облысының қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізеді.

Бұл ретте, 2020 жылдың 23 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жасауға қатысты басқарманың қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі мәселелер қарастырылған, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» қолданыстағы заңнамаларының, ҚР Әдеп кодексінің нормаларын мүлтіксіз сақтау бойынша түсіндірмелер берілген.