Облыстық әкімдікте 2020 жылдың 9 айындағы облыс бюджетінің атқарылу қорытындысы жасалды

Облыстық әкімдікте 2020 жылдың 9 айындағы облыс бюджетінің атқарылу қорытындысы жасалды

Салықтар мен төлемдер бойынша жоспардың атқарылуын барлық өңірлер қамтамасыз етті және 62,2 млрд. теңгені және жоспарға 113% құрады.

Шығыс бөлігі 99,6%-ға игерілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 0,3 тармаққа жоғары, атқарылмау сомасы да 139,9 млн. теңгеге азайды.

Игерудің жоғары пайызына Егіндікөл, Ақкөл, Целиноград, Жақсы, Бұланды (100,0%), Сандықтау, Ерейментау аудандары және Степногорск қаласы (99,9%), сонымен қатар 21 бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қол жеткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша салықтар мен төлемдердің бюджетке 100% түсімін, бюджет қаражатының, оның ішінде республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген нысаналы трансферттердің толық игерілуін қамтамасыз ету тапсырылды.