
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бюджеттің нақтыланған көлемі 770 617,0 млн.теңгені құрады, өткен жылға 33 565,7 млн. теңгеге (немесе 4,6% – ға) ұлғайды, оның ішінде облыстық бюджет-669 811,1 млн. теңге.
Салықтар мен төлемдер 183 821,7 млн. теңгеге есептелді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 23 936,9 млн.теңгеге немесе 15% - ға артық. Жоспарды облыстың барлық өңірлері орындады
Субвенциялар - 291 575,2 млн. теңге түсті, республикалық бюджеттен 54 406,8 млн. теңге трансферттер алынды.
Бюджет қаражатын игеру 522 479,7 млн.теңгені немесе жоспарланғаннан 96,7% -. құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,4% - ға жоғары. 26 облыстық әкімшінің ішінен сегіз басқарма қаражатты толық көлемде игерді. Өңірлердің ішінде Көкшетау қаласының, Жарқайың және Шортанды аудандарының әкімдіктері жүз пайыз игеруге қол жеткізді.
Әкімдік отырысының қорытындысы бойынша салықтық, салықтық емес әкімшілендіруді жалғастыру, қолданыстағы заңнама шеңберінде бюджет қаражатын толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды.