
1 қазанда Қарттар күні — өз өмірін еліміздің еңбегі мен дамуына арнағандарға құрмет, ризашылық және алғыс айту күні атап өтілді.
Бүгін Қаржы басқармасының қызметкерлері зейнеткерлерді көп жылғы жемісті қызметі мен елдің дамуына қосқан үлесі үшін терең ризашылықтарын, жылы лебіздерін білдірді. Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен адалдығы арқасында тиімді және тұрақты қаржы жүйесі үшін берік негіз қаланды.
Бұл мамандардың даналығы мен тәжірибесі жас әріптестер үшін бағдар болды және жұмыста сапа мен сенімділік дәстүрлерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Қаржы басқармасының ұжымы барлық қазақстандықтарды аға буынмен құттықтайды, еңбектері үшін алғыс білдіреді, зор денсаулық пен амандық тілейді.