
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде басқарманың барлық қызметкерлерінің қатысуымен аппараттық кеңес өткізілді.
Басқарма қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қарттар күні аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру қаралды.
Ұжым ішінде жағымды моральдық-психологиялық ахуалды нығайту үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау бойынша жоспарлы түсіндірме әңгіме өткізілді. Шара барысында діни наным-сенімдерді таңуға жол бермеу, ойын орындарына бару, заңды шектеулер мен тыйымдарды қатаң сақтау қажеттігі айтылды.