Ақмола облысы облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Ақмола облысы облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

            2025 жылғы 11 қыркүйекте Марат Қойшыбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жұмысқа облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов, депутаттар — тұрақты комиссиялардың мүшелері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

            2025 жылдың 8 айында облыс бюджетінің атқарылуы туралы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Фариза Байманова баяндама жасап, облыс бюджетінің негізгі параметрлерін және есепті кезеңде қол жеткізілген қаржылық көрсеткіштерді атап өтті.

            1 қыркүйекке жоспар 152,8 млрд теңге болған кезде 166,5 млрд теңге салықтар мен төлемдер есептелді, жоспардан тыс 13,7 млрд теңге немесе 109% түсті. Өткен жылмен салыстырғанда өз кірістерінің 20,7 млрд.теңгеге немесе 114,2% - ға өсуі байқалады.

            Өз кірістерінің негізгі көзі салық түсімдері болып қала береді, олар өз кірістерінің жалпы көлемінің 85% - дан астамын алады, жоспар бойынша 132,7 млрд теңге 142,8 млрд теңге немесе 108% түсті.

            Бюджеттің шығыс бөлігі 769,6 млрд. теңгені құрап, бекітілген 79,7 млрд. теңгеге немесе 112% - ға және 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 40,9 млрд. теңгеге немесе 106% - ға өсті%

            Бюджет шығыстары 96% - ға орындалды, 463,6 млрд. теңге игерілді.

            Қаражаттың аз игерілгені байқалған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджет қаражатын тиімді және уақтылы игеру жөнінде пәрменді шаралар қабылдау ұсынылды.