Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні

Ақмола облысы қаржы басқармасының қызметкерлері басқарма ардагерлерімен үнемі кездесіп, оларды мерекелерімен құттықтап отырады және қиын эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, бұл жолы да оларға баруды өз борышы деп санады. Ұжым қызметкерлері карантиндік шараларды сақтай отыра, басқарма қызметкерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік және амандық тіледі.

Қарттар күні – біз үшін шексіз қымбат адамдардың жарқын және рухани мерекесі. Бұл мерекелік күн – аға буынға жас туралы еске салу емес, қарт адамдарға деген ерекше құрмет күні, кішіпейілділік, қамқорлық, қолдау мен құрмет білдірудің тағы бір көрінісі.

Біз ардагер қаржыгерлерді ризашылықпен әрқашан еске аламыз. Олар біз үшін Отанға қызмет етудің үлгісі болып табылады. Олардың еңбегі біз үшін үлгі, - деп атап өтті жергілікті бюджеттердің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының орындалуын талдау бөлiмiнiң басшысы Шуйкенова Сәуле Жеңісқызы.