23 маусымда Ақмола облысының қаржы басқармасында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Басқарма басшысы Татьяна Белая әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, тиімді басқарудың негізі ретінде мемлекеттік қызметтің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің бұйрығымен жергілікті бюджеттердің орындалуы бойынша есеп және есептеме бөлімінің басшысы Наталья Сергеевна Рыбалко алғыс хатпен марапатталды.
Бас маман-заңгер Закирьянова Мира Ураловна Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.