ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ 2020 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДА ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ 2020 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДА ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Ақмола облысы бюджетінің сегіз айдағы атқарылу қорытындылары туралы қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов хабарлады.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс бюджетінің кірістері 249 070,2 млн.теңгені немесе жоспарға 103,3% - ды, оның ішінде салықтар мен төлемдер түсті 55 893,5 млн. теңгені немесе жоспарға 111,7% - ды құрады.

Аудандық (қалалық) бюджеттерге 32 052,9 млн.теңге немесе 117,5% түсті. Жоспарды облыстың барлық өңірлері орындады.

Облыс бойынша шығындар жоспарға 97,1% - ға игерілді. Бюджет қаражатының игерілмеу себептері тұрғын үй, мәдениет объектілерін салу, әлеуметтік сала объектілерін жөндеу, жолдарды, су құбыры желілерін жөндеу бойынша орындалмаған жұмыстар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу және өзге де үнемдеу болып табылады.