Ақмола облысының әкімдігінде құрылысқа үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Ақмола облысының әкімдігінде құрылысқа үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлының төрағалығымен Ақмола облысы бойынша құрылысқа үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ведомствоаралық комиссия отырысында Көкшетау қаласындағы Темірбеков көшесі, 2-үй бойынша 292 пәтерлі тұрғын үйді, Целиноград ауданы  Қосшы ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйді,  Көкшетау қаласындағы Наурызбай батыр көшесі, 77-үй бойынша көппәтерлі тұрғын үйді кезең-кезеңімен пайдалануға беру мүмкіндігі туралы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы бірқатар нақты тапсырмалар берді.