Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай

Қазақстан  Республикасының Конституциясы  күні мерекесіне орай

Қазақстан Республикасы  Қазақстан  Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай басқарма басшысы Бауыржан Алтынбекұлы Ерназаров басқарма ұжымын келе жатқан мерекемен құттықтады. Ол Конституция рөлінің және маңызының нығаюы – құқықтық дамудың заңды беталысы екенін атап өтті.

Мереке қарсаңында басқарманың лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы Аина Төлегенқызы Уалиева Қазақстан  Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды.  

Аина Төлегенқызы 20 жылдан астам мемлекеттік қызмет жүйесінде адал қызмет етуде. Еңбек жылдарында бірнеше жас мамандар үшін тәлімгер болып, тәжирибесімен бөліскен, жоғары тұрған мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер басшылығының алғыс хаттарымен марапатталған.

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық төс белгісімен мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы Бауыржан Ғабдулин, персоналды басқару қызметінің бас маманы Жанар Айтмағанбетова марапатталды.