МСҚБ басқармасының басшылығы проблемалық құрылыс нысандары бойынша жұмыс кездесуіне қатысты.

МСҚБ басқармасының басшылығы проблемалық құрылыс нысандары бойынша жұмыс кездесуіне қатысты.

2020 жылғы 19 тамызда сағат 15.00-де Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Ғабдулин Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан 292 пәтерлі тұрғын үйді және Көкшетау қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 77 және 78 үйде орналасқан 5 қабатты көппәтерлі екі тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша шаралар қабылдау жөніндегі жұмыс кездесуіне қатысты.

Бауыржан Ғабдулин «Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан 292 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» нысанына қатысты өз сөзінде жұмыс жобасы бойынша жұмыс жобасының бірінші кезегінің құрылысы бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің 2А, 3, 3А, 3Б секцияларының құрылысы көзделгенін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес салынған объектіні пайдалануға енгізу мен қабылдауды тапсырыс беруші бекітілген жобаға сәйкес оның толық дайындығы кезінде жүргізетінін атап өтті.

Бұл жағдайда Басқарма көп пәтерлі тұрғын үйдің 2а, 3а секцияларын пайдалануға беру актісін орынсыз деп тану туралы шешім қабылдады, өйткені жұмыс жобасының талаптары толық көлемде іске асырылмаған.

Қабылдау актісін қарау нәтижелері бойынша жіберілген актінің Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың нормалары мен талаптарына сәйкессіздігі анықталды.

Көкшетау қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 77 және 78 үйлер мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына қатысты. Салыстыру кезінде Көкшетау қаласының Бас жоспарына сәйкес көп қабатты тұрғын үйлер аз қабатты үй құрылысы аймағында салынғаны анықталды. Одан әрі Көкшетау қаласының әкімдігі               ҚР Заңына қайшы келетін ТЖЖ бекіту және нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімдер қабылдағандығы анықталды. Бұл сәйкессіздіктер мен бұзушылықтар пайдалануға беру актісін сәйкес емес деп тануға негіз болды.

Алайда, осы уақытқа дейін «Отау-құрылыс» ЖШС және «ЕразияСтройМонтаж 2013» ЖШС Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген нормалар мен талаптардың сәйкессіздіктері мен бұзушылықтарын жою жөнінде шаралар қабылдаған жоқ.

Кеңес қорытындысы бойынша МСҚБ басқармасына «ҚР-да сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР қолданыстағы Заңының нормалары мен талаптарына сәйкес шаралар қабылдау ұсынысымен хаттамалық шешім шығарылады.