«Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесі
2021 жылы «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы (ҚТК) қолжетімді «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесін homeportal.kz әзірлеген болатын.
Осы жүйенің негізгі элементтерінің бірі «Үлестік құрылыс объектілері» бөлімі болып табылады, онда кез келген азамат әкімдіктің тиісті рұқсаты немесе үлескерлердің қаражатын тартуға ҚТК кепілдігі бар барлық заңды салынып жатқан үлестік құрылыс объектілері туралы ақпарат ала алады. Объектілер бойынша деректер «Қазрестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінен келіп түседі.
Сонымен қатар, тұрғын үй порталында әкімдіктің тиісті рұқсатынсыз немесе ҚМК кепілдігінсіз үлескерлердің қаражатын тартатын құрылыс салушылар туралы ақпарат жарияланады (бұл ақпаратты әкімдіктер ұсынады).
Осылайша, тұрғын үй порталы азаматтарды тұрғын үйдің үлестік құрылысын заңсыз жүзеге асыратын құрылыс салушылардан қорғауға мүмкіндік береді.