Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-де мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізді және азаматтарды қабылдады

Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-де мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізді және азаматтарды қабылдады

2021 жылғы 21 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Балғожқызы Жаңаділова басқарма қызметкерлерімен кездесті. Кездесу еркін диалог форматында өтті, онда мемлекеттік қызметшілер өз сұрақтарын қойып, түрлі мәселелер мен ұсыныстарды талқылауға шығарды.

Кеңес барысында «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ Әдеп жөніндегі уәкілі Татьяна Александровна Антонова 2020 жылғы және 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет қорытындылары туралы хабардар етті.