Хабарландыру

Хабарландыру

«Құрылыс қызметі саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 53 бұйрығына (бұдан әрі мәтін бойынша - Бұйрық) сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісінің, сәйкестік туралы декларацияның, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының нысандарына өзгерістер енгізілді.

Бекітілген бұйрыққа сәйкес келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны 9, 10-тармақтармен толықтырылсын :

  1. Жергілікті қамту үлесі жобалау-сметалық құжаттамада________ % көзделеді және іс жүзінде _______% қолданылды (мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде);
  2. Ғимараттың энергия тиімділігі класы _________;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды нысаны:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырсын:

      "6-1. Жергілікті қамту үлесі жобалау-сметалық құжаттамада _________ % көзделеді және іс жүзінде _______% қолданылды (мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде);";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Атқарушылық техникалық құжаттама толық көлемде, оның ішінде электрондық модульде бар;";

       Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестік туралы декларация нысаны:

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырсын:

      "9-1. Жергілікті қамту үлесі жобалау-сметалық құжаттамада __________ % көзделген және нақты қолданылған _______% (мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде);";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырсын:

      "10-1. Атқарушылық техникалық құжаттама толық көлемде, оның ішінде электрондық модульде бар;".

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ҚР «Әділет» НҚА АҚЖ сәйкес бұйрықты алғашқы ресми жариялануы 2021 жылғы 1 наурыз.