Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабының 12-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісер алдында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісу туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Бұл үшін, Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталына тіркеліп, «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама» жібере аласыз.
Хабарлама жіберу үшін, Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар, Жобалық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы, Авторлық және техникалық
қадағалау жүргізетін ұйымдар туралы ақпарат және Бас мердігер туралы мәліметтер болуы керек.
Электрондық лицензиялау порталы арқылы хабарлама жібергеннен кейін хабарламаны қабылдау талондарын алу үшін 50-31-48 жұмыс номеріне немесе Көкшетау қ., Сатпаев көшесі, 1Б, 2-қабат мекенжайы бойынша Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жүгінуге болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен тиісті хабарлама жібермей құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 17-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.
Тиісті хабарлама жіберместен құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.