⚜️23 сәуір – Ұлттық кітап күні

⚜️23 сәуір – Ұлттық кітап күні

Мемлекет басшысының «Ұлттық кітап күнін» белгілеу және осы мерекені мазмұнды түрде ұйымдастыру туралы тапсырмасына сәйкес, 23 сәуір елімізде ресми түрде Ұлттық кітап күні ретінде бекітілді. Биыл бұл рухани мереке алғаш рет аталып өтуде.
Аталған мереке аясында Егіндікөл аудандық кітапханасында «Кітап — даналық бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсайын Хасенович, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Жанат Балтабайқызы, №2 жалпы орта білім беретін мектептің ұстаздары, ауыл кітапханашылары мен жас ұрпақ өкілдері қатысты.
Шара барысында алғашқы сөзді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсайын Хасенович алып, жиналған қауымды Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Дөңгелек үстелдің алғашқы бөлімінде бірнеше баяндамалар тыңдалды: Армавир ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Хаматханова Е. В. «Кітапхана — білім ғибадатханасы» тақырыбында, Қоржынкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Зайцева И. И. «Оқу — тұлғаны қалыптастыру құралы» тақырыбында, ал Бауман ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Войтанович О. Ю. «Кітап — балалар қиялының қанаты» атты мазмұнды баяндамалар жасады.
Шараның екінші бөлімінде №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Жанат Балтабайқызы сөз сөйлеп, жас ұрпақты кітап оқуға баулудың маңыздылығына тоқталды.
Бұл кездесудің басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойына кітап оқуға деген сүйіспеншілік ұялату және кітаптың рухани құндылық ретінде мән-маңызын арттыру болды.


#ұлттықкітаптаркүні
#деньнациональнойкниги