Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Красивый ауылдық округі мен Свободный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Красивый ауылдық округі мен Свободный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Красивый ауылдық округі мен Свободный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры Нұржан Ережепов қатысты.

Жиында 2024 жылдың жұмысы қорытындыланып, өзекті мәселелер мен 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Прокурор Нұржан Ережепов құқықтық тәртіп, азаматтардың қауіпсіздігі және ветеринария мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Ақмола облысында жиілеп кеткен интернет-алаяқтықтың алдын алу қажеттігін атап өтіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Аудан әкімі Серік Балжанов су тасқынына қарсы шаралардың белсенді жүргізіліп жатқанын айтып, тұрғындарды мүмкіндігінше ат салысуға шақырды.

Бұл кездесу жергілікті халықпен байланысты нығайтып, маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.