Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Красногорский кентінің тұрғындарымен кездесті

Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Красногорский кентінің тұрғындарымен кездесті

27 наурыз күні Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Красногорский кентінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, өзекті мәселелер мен 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Серік Балжанов су тасқынына қарсы шаралардың белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтіп, тұрғындарды осы жұмыстарға барынша атсалысуға шақырды.

Бұл кездесу жергілікті халықпен байланысты нығайтып, маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.