Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Ақсай ауылы мен Двуречный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Ақсай ауылы мен Двуречный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

18 наурызда Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Ақсай ауылы мен Двуречный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры Нұржан Ережепов қатысты.

Жиында 2024 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер мен 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Прокурор Ережепов құқықтық тәртіп, азаматтардың қауіпсіздігі және ветеринария мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Ақмола облысында жиілеп кеткен интернет-алаяқтықтың алдын алу қажеттігін атап өтіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Аудан әкімі Балжанов су тасқынына қарсы шаралардың белсенді жүргізіліп жатқанын айтып, тұрғындарды аулалар мен үй маңын қардан тазартуға шақырды.

Бұл кездесу жергілікті халықпен байланысты нығайтып, маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.