
2025 жылғы 17 наурызда Есіл ауданы әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
Күн тәртібінде – жергілікті атқарушы органдардың 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы. Қабылданып жатқан шаралар туралы Есіл қаласы, Московский ауылы, Знаменка ауылы және Двуречный ауылдық округінің әкімдері баяндама жасады.
Отырыс барысында маңызды мәселелер мен оларды шешу жолдары қаралып, нақты тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімдері белгіленді.