Өңір аумағында: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекарасында орналасқан Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекарасында орналасқан Зеренді курорттық аймағы, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан.
Ақмола облысында туризм саласының 600-ден астам кәсіпорны жұмыс істейді.
Ақмола облысында туристердің жалпы ағыны 6% -ға өсіп, 1,3 млн. келушіден асты. Шетелдік туристер 18,2 мың адам келді.
Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялауға арналған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде 2023 жылы 110,6 миллион теңге сомасына 12 өтінім қаралып, қолдау тапты.
2024 жылдың соңына дейін:
- Щучинск қаласында 3,2 км жаңа жылу желілері;
- Молбаза ауылының Бурабай кентінің 9 км су құбыры желісі;
- Щучинск қаласында 3,9 км қолданыстағы жылу желілері қайта жаңартылды;
- Бурабай және Зеренді аудандарында 65,3 км жолға күрделі және орташа жөндеу жүргізілді;
- 4 мыңнан астам адамды қабылдай алатын (1 орын) 1220 спорт және демалыс мекемелері салынды және реконструкцияланды.