"Наурыз" ипотекалық бағдарламасына қатысуға қалай өтінім беру керек

"Наурыз" ипотекалық бағдарламасына қатысуға қалай өтінім беру керек
Өтінім беру үшін Отбасы банкінде депозиттің болуы қажет, оның мерзімі маңызды емес. Отбасы банкіндегі жинақ шотындағы ең төменгі сома - 1 млн. теңге. Соманы өтініш берер алдында төлеуге болады. Сондай-ақ соңғы 6 ай iшiнде ресми кiрiс болуы тиiс. Табыс жеткіліксіз болған жағдайда екі қарыз алушыны тартуға болады.
Бағдарламаға барлық қазақстандықтар, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, Отбасы банкінің салымшылары қатыса алады.
Қатысушы болу үшін 20% бастапқы жарна қажет. Тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кредит мөлшерлемесі - 7%, қалған санаттағы азаматтар үшін - 9%. Кредит мерзімі 19 жылға дейін.
Бұдан басқа, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй болмауы тиіс.