"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 4 (төрт) жұмыс күні.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету түрі электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін.
7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің
www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
2) электрондық жерге орналастыру жобасы.
9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10 Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.