Орталық коммуникациялар қызметінде өмір сүру сапасын жақсарту, мемлекет, бизнес және азаматтар арасында жаңа әлеуметтік келісімшартты қалыптастыру тақырыбында өткен дөңгелек үстелде МӘСҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы баяндады.
2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекел жағдайы туындап жатса, азаматтарды сақтандыру жүйесі жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асырады. Жаңа Әлеуметтік кодекс аясында бұрынғы бес төлем өзінің барлық параметрлік көрсеткіштерін сақтап қалған. Қазіргі таңда 6,8 млн жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады. Бұл қатысу арқылы, яғни, жұмыс берушілер қол астындағы қызметкерлері үшін немесе жеке кәсіпкерлер өз қызметінен ай сайын әлеуметтік аударымдар төлеу арқылы жүйеге қатыса алады. Қазіргі таңда 3,5% әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі Әлеуметтік кодекс аясында сақталып қалған.