Есіл қаласының автожолдарын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Есіл қаласының автожолдарын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда
Қазіргі уақытта Уәлиханов көшесі бойынша жұмыстар басталды, қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Инертті материалдар әкелінеді және су өткізгіш құбыр орнатылады.
Жұмыс барысында жолдың топырақ түбінен бастап асфальт төсемге дейінгі жол төсемі толығымен қалпына келтірілетін болады. Автожолдың жөнделетін учаскесінің жалпы ұзындығы 1160,0 м, ені 6,5 м.
Жол төсемін жөндеуді Мираш-Н ЖШС жол-құрылыс ұйымы жүргізуде. (басшы Шаяхметов А.К.).