1 шілдеден бастап өңірлерде 20 еңбек мобильділігі орталығы ашылады, ал онлайн-платформа аясында қызмет ететін таксистер мен курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына жатқызылады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері жайлы хабардар етті.
1 шілдеде Халықты жұмыспен қамту орталықтарын еңбек мобильділігі орталықтарына трансформациялау жұмыстары басталады.