Соңғы 10 жылда балалар үйінің саны мен ондағы тәрбиеленушілер саны 2 есе азайған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналды. Үкімет кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу бойынша заңнамалық нормаларды әзірледі, бұл одан да көп баланы отбасылық қамқорлықпен қамтуға мүмкіндік береді.