Мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен Интернациональное және Юбилейное ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өтті

Мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен Интернациональное және Юбилейное ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өтті
Кездесу барысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту, оқыту, жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша "Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының бөлімі" ММ басшысы В. Галныкин түсініктеме берді.
Аудандағы ағымдағы жедел жағдай, сондай-ақ интернет алаяқтық туралы Есіл ауданы бойынша АПБ бастығы А.Метаев сөз сөйледі.
Есіл аудандық ауруханасының бас дәрігері М. Томтаев қатысушыларды МӘМС туралы ақпаратпен таныстырды.
Ауыл тұрғындары көшелерді жарықтандыру, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және абаттандыру бойынша маңызды мәселелерді атап өтті. Барлық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.