Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын мерекелеу бағдарламасы аясында 300-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған

Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын мерекелеу бағдарламасы аясында 300-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған
Қазақстандық делегация Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылу салтанатына қатысуға және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндеріне орай іс-шаралар өткізу үшін Мысырға барды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Делегация құрамында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және еліміздің басқа да саяси және қоғам қайраткерлері бар. Сондай-ақ, Каирге қазақстандық театр актерлері, музыканттар мен ғалымдар келді.
Қабылдаушы тараптан Мысыр Парламенті Сенатының Төрағасы Абдель Уахаб Абдель Разек, әл-Азхар бас имамы шейх Ахмед ат-Тайеб, министрлер мен Каир қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Мешітті қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының белсенді қатысуымен іске асты.
«Бүгін Қазақстан мен Мысыр үшін өте маңызды күн. Біз Каирдің көрікті жерлерінің бірін қайта ашып қана қоймай, екі мемлекет арасындағы мәдени және рухани байланысты нығайтамыз. Бейбарыс сұлтан-біздің елдеріміздің тарихындағы маңызды тұлға, сондықтан Мысыр тарапына баршамыз үшін маңызды мәдени мұраны сақтау мәселесіндегі серіктестігі үшін алғыс айтқым келеді», — деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Сондай-ақ қазақ және араб тілдерінде мемориалдық тақталардың ашылуы өтті, одан кейін қонақтар мешітке барып, нысанды аралады.
«Іс-шара Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын мерекелеу бағдарламасына https://ortcom.kz/kk/novosti/1685932850