Құрылыс жұмыстарының сапасы және объектілердің уақтылы іске қосылмауы: Әлихан Смайылов халықтың құрылыс жұмыстарына қатысты шағымдарына үн қатты

Құрылыс жұмыстарының сапасы және объектілердің уақтылы іске қосылмауы: Әлихан Смайылов халықтың құрылыс жұмыстарына қатысты шағымдарына үн қатты
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев алдағы жылдары 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Қойылған міндетке қол жеткізу үшін 2029 жылдың соңына дейін республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беруді жыл сайын 200 мың шаршы метрге арттыру көзделген. Биыл 15,3 млн шаршы метр немесе 143 мыңнан астам пәтерді аяқтау жоспарланып отыр.
Жұмыстарды уақытылы атқару үшін әкімдіктер нақты нысандар мен олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Министрлік өз кезегінде әрбір пайдалануға берілетін нысанға ай сайын мониторинг жүргізеді. 4 айдың қорытындысы бойынша жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіш 19%-ға артығымен орындалды: жоспарланған 3,6 млн шаршы метрдің орнына 4,3 млн шаршы метр – 36,6 мың пәтер салынды.
Сонымен қатар бүгінде республика бойынша үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар. Министрлік үлестік құрылыс мәселелерін реттеу мақсатында ынталандырушы және қатаңдататын түзетулер пакетін дайындады.