Жол бойында қызмет көрсету нысандарын салу үшін жер беру рәсімдері жеңілдетіледі - ҚР ИИДМ

Жол бойында қызмет көрсету нысандарын салу үшін жер беру рәсімдері жеңілдетіледі - ҚР ИИДМ
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков жол бойындағы инфрақұрылымды салу бойынша автожол саласының 2023 жылға арналған жоспарлары туралы айтып берді.
Спикер атап өткендей, республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1600 сервис нысаны жұмыс істейді, олардың 74%-ы ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.
«Биыл тағы 78 нысанды іске қосу жоспарлануда, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен 25 ЖЖҚБ және 28 тамақтану пункті салынады», - деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ, қайта жөндеу және жөндеу аясында 25 санитарлық-гигиеналық торап салу жоспарлануда.
ҚР ИИДМ өкілі жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қолдау тетігі туралы айтып берді.
А. Бековтың айтуынша, мемлекет нысан құнының 10%-ын өтейді, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға үшін 83 мың теңге төлейді.
«Жол бойында қызмет көрсету нысандарын салу үшін жер беру рәсімін оңайлату мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі пысықталуда», - деді спикер.